ҰБТ-2014
ҰБТ – 2014 жыл.
Ұлттық бірыңғай тестілеу 2014 жылдың 2 маусымында С.Торайғыров атындағы ПМУ жанындағы ҰБТӨП пунктінде болып өтті. Тестілеуге 94 бітірушіден 66-сы қатысты (70.2%).
Аудан бойынша ҰБТ қатысушыларының орта баллы 72,71% (2013 - 69.3%; 2012 – 63,21%) құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда +3,41 баллға нәтижелердің артуы байқалады. Ең жоғары 105 баллды №1 Успен ОМ бітірушісі Шүкірбаева Әсемгүл алды. ҰБТ қорытындылары бойынша мына мектептер ең жақсы нәтиже көрсетті: • Вознесен ОМ – 92 (директоры Е.Ө. Инербаев), бір бітіруші. • Белоусов ОМ – 83.5 (директоры М.И. Яроватая), екі бітіруші. • № Успен ОМ мен Лозов ОМ – 80,1 (директорлары Қ.Ж. Молдағазинова мен В.Н. Бруня) әрбір мектепте алты бітірушіден болды. Ең төмен көрсеткішті Новопокров ОМ көрсетті – 57,3% (директордың м.а. А.Б. Тәтенов).
Итоги ЕНТ выпускников школ района в 2014 году | Скачать |