Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін35
Кеше103
Апта392
Ай1938
Барлық күндері119244

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Аймақаралық әдістемелік семинар – жетілдіруге жол

   Железин ауданының Жаңа жұлдыз ауылының ЖОМ 2015 жылдың 18 желтоқсанында «Ішкі мотивациясын арттыру құралы ретінде рефлекс бейімдерін дамыту» тақырыбында аймақаралық әдістемелік семинары өткізілді. Семинарға Новсібір облысының Метелёв ЖОМ, Березов ЖНМ мектептерінің мұғалімдері, Железин ауданы әкімдігінің және білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.

   Семинардың ашылуанда Жаңа жұлдыз ауылының ЖОМ директоры Айгуль Нажмиденовна Сулейменова қонақтарды мектептің даму бағдарламасымен, мектеп педагогикалық ұжымының жұмысымен таныстырып өтті. Кездесу шеңберінде дискуссиялық отырыс ұйымдастырылды, отырыста көптілдіктің дамуы, Новосібір облысында 9-сыныбында қазақ тілі мен әдебиетінен қолданбалы курстарының өткізуі мәселелері талқыланды. Сертификатталған мұғалімдер Шарипова Карлыгаш Садвакасовна – тарих мұғалімі, Жунусова Дамигуль Уахитовна – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Абишев Кудайберген Ермекович – информатика мұғалімі, Орынтаева Жанат Галымжановна – тарих мұғалімі, Мигаль Екатерина Ивановна – ағылшын тілі мұғалімі ашық сабақтар берді.

   Камалова Екатерина Ивановна 1-деңгейлі педагог, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі «Рефлекс механизмі және рефлексті ойлау» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг қатысушылардың пікірінше, Гиббстің рефлексті циклі ең тиімді, сонымен қатар ол оқушылардың рефлексті бейімдерін дамыту бойынша Жаңа жұлдыз ауылының ЖОМ мұғалімдерінің жұмыс негізіне қойылған.

   Ресейлік әріптестер мектептің жоғары әдістемелік деңгейін, материалды-техникалық базасын, мектептің эстетикалық рәсімделуін атап өтті.     Келешекте семинар ұйымдастырушылары аймақаралық ынтымақтастықта жұмыс жасауына үміттенеді.