belousovkasosh

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін29
Кеше32
Апта395
Ай1627
Барлық күндері106908

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Директордың орынбасарлары

PHOTO 3Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Хамитова Жанат Бериковна тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары 10.05.1985 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Алексеевка ауылында дүнеиге келдім. 1991жылы 1сыныпқа барып, Егіндібұлақ орта мектебінде 11сынып бітірдім. Мектепті аяқтап Қарағанды Мемлекеттік Университетінің колледжіне оқуға түсіп, 2008 жылы бітірдім. Мамандығым: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

2018 жылы «Белоусов ЖОББ» мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі болып жұмысқа тұрдым.

Сонымен қатар қазіргі уақытта КММ «Белоусов ЖОББ» мектебінде тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарамын. Жалпы педагогикалық еңбек өтілім – 4 жыл 3 ай.

 

 

Директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары

madina     Куйкасова Мадина Болатовна 1987 жылы 6 шілдеде Жамбыл облысы Қордай ауданы белгілі ақын Кенен Әзірбаев ауылында дүниеге келдім.

1993 жылы алғаш №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектеп табалдырығын аттап, мектепте негізгі буынды үздік оқып, 2004 жылы 11 сыныпты жақсы деген бағамен аяқтап шықтым.

2004 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне физика мамандығына оқуға түсіп, 2009 жылы физика бакалавр мамандығымен диплом алдым.

2009 жылдың қыркүйек айынан бастап №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде физика пәні мұғалімі болып еңбек жолымды бастап кеттім. Аталған мектепте 2021 жылдың 31 тамызына дейін қызмет еттім.

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Павлодар облысы Успен ауданы Белоусов ЖОББМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне жұмысқа қабылданып, қазіргі уақытқа дейін осы мектепте қызмет етіп келемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

Директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары

ya

           Горбатюк Юлия Сергеевна - 14.02.1987 жылы РФ Рубцовск қаласында дүниеге келді.

   2007 жылы Б.Аххметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін «Информатика мұғалімі, мамандығы бойынша математика мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтады.

   2010 жылы Павлодар педагогикалық институтында «Информатика бакалавры» мамандығы бойынша диплом алды.

   2007 жылы Тимирязев орта мектебінде информатика және математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.    2012 – 2020 жылдар аралығында қызметі басқа салаға ауысуына байланысты педагогикалық қызметінде үзіліс болды.

   2020 жылдан бастап осы күнге дейін «Белоусов ЖОББМ» КММ-сінде директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары және информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді.

                                           Жалпы педагогикалық өтілі-9 жыл.