Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- оқушыны білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Мектептегі бастауыш оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары-баланың білім игеру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру сол арқылы таным әрекетін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді.
Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің, шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуының бастамасы болып табылады. №3 Успен ЖОББМ-нің бастауыш сынып әдістеме бірлестігінде 5 мұғалім қызмет етеді.
Тақырыбы: «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы құзыреттілікке қол жеткізу»
Мақсаты:Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың жолдарын анықтау.
Міндеттері:
1)Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік, психологиялық және педагогикалықнегізін талдау;
2) Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудыңәдіс-тәсілдерін анықтау.