Салауатты өмір салты әдістемелік бірлестігі
Өзін-өзі тану, дене шынықтыру, сызу, көркем еңбек, технология, музыка пәндер бірлестігінің тақырыбы:
Жеке технология үрдістерін пайдалана отырып, оқушыларды шеберлікке баулу, эстетикалық талғамын калыптастыру.
Мақсаты: Қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын қалыптастыру.Салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.
Міндеттері:
1. Денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;
2.Базалық спорт түрлерінің техника-тактикалық іс-қимыл әдістерін жетілдіру;
3.Өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;
4.Дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
5.Тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
6.Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам . Білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі қадамдарды негізге ала отырып жұмыс жүргізу.