ОЖСБ
2017-2018 оқу жылындағы ОЖСБ оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың мүлдем жаңашаланған түрі екені мәлім. Бұл мониторинг осыдан былай негізгі орта, сол сияқты жалпы орта және жоғары білімді алғаннан кейінгі білім беруді дамытудың тұрақты мемлекеттік бағдарламасы болады.
Сонымен, биылғы оқу жылында мектебіміздің 4 және 9-сыныптарының 25 оқушысы ОЖСБ тапсырды. 9-сыныптағы ОЖСБ 4 пәннен кешенді тестілеу нысанында өткізілді (қазақ тілі – міндетті, алгебра, биология және химия). 4-ші қазақ және орыс сыныптарындағы тесттік тапсырмалар негізгі пәндер бойынша орындалды. Бұл мониторинг барысында біздің оқушыларымыз өздерінің бастауыш және негізгі буында алған білім, білік пен дағдыларын растап шықты. Нұқият дайындықтар өзінің жемісті нәтижесін көрсетті. Мектебіміздің оқушыларына жарайсыңдар деп айтқымыз келеді!