Инф-Мат әлемі
Жаратылыстану – математика бағыты апталығына сәйкес, 16.02.21 күні «Инф-Мат әлемі» атты информатика және математика пәндерінің бірігуімен сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың сабақтан алған білімдерін толықтыру, тереңдету, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды ұйымшылдыққа, шығармашылық ізденістерін арттыруға, бірі-бірі құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы
Онкүндік 02.03.2020 жылы «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»туралы стендтің безендірілуімен басталды. Бұл іс-шараға 5–9 сынып оқушылары «Махаббат пен ізгіліктің көздері» деп аталатын плакаттармен қатысты. Мектеп 3 ақпанда балаларды өзін-өзі танудың онкүндігі бойында сүйіспеншілік пен махаббатқа арналған балалар әндерімен қарсы алды.