Мектеп тарихы
1)Успен ауданының «№1 Успен жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2) Мектеп – бұл күн сайын маңызды оқиғалар мен күйзелістерге, ұлы құпия мен ғажайып жаңалықтарға толы тұтас дәуір.
3) Қалыптасу кезеңдері
Успен бастауыш мектебі (1929 ж.)
Успенжетіжылдықмектебі(1934 ж.)
Успен орта мектебі (1935 ж.)
Успен орта мектебі (1964 ж.)
Успен №1 орта мектебі (1971 ж.)
Қосымшақұрылыстыңсалынғанжылы (1990 ж.)
Мемлекеттіктілдесыныптарашу (1992 ж.)
Қазақсыныптарындербесмектепкебөлу (2000 ж.)
4) Тарих ағымында
Успен орта мектебі 1929 жылдың 1 қыркүйегінде ашылды.
Келесі сәттегідей басталған...
Патша заманында Успен ауылында мектеп болған жоқ, мектеп жасындағы балалар жеке пәтерлерде сабақ оқыды, әрі онда тақтадан басқа ешқандай құрал-жабдықтар болған емес. Үш сыныпқа бір ғанамұғалім болған еді. Алғашқы мұғалім Кувыкин Андрей Григорьевич болды. Мектепке тек оқуға ниет білдіргендер және мүмкіндігі бар адамдар ғана келіп отырды, себебі көптеген адамдардың сабаққа киіп келетін киімі де болған жоқ еді.Сондықтан көпшілігі сауатсыз қалды. Мектеп сабақтары 1929 жылы ауыл орталығында орналасқан бұрынғы шіркеу ғимаратында, бүгінгі Мәдениет үйіне қарама-қарсы басталды. Алғашқы жылдары балалар тек төртінші сыныпқа дейін оқыды. 1934 жылдан бастап жеті жылдық мектеп ашылды. 1935 жылы Советов көшесіндегі мектептің жаңа ғимараты салынғаннан кейін Успен мектебі он жылдық білім беру орта мектебі болып атанды. Орта мектептің алғашқы директоры Александр Иванович Щербинко болды.
5) Жаңа мектеп
1962 жылы екі қабатты жаңа мектепті салуды бастады.
Мектепті ЖМБ құрылысшылары салды.
6) 1964 жылдың 4 қарашасында салтанатты түрде жаңа мектептің ашылуы өтті. Жыл сайын бұл күні мектептің мерейтойы аталып өтіледі.
7) Жаңа мектепте сабақтар кабинеттік жүйе бойынша өткізілді. Мектеп жанында кітапхана, үлкен спорт залы, акт залы, пионер бөлмесі, комсомол бөлмесі бар.
8) 1964 жылы мектеп директоры болып К. Ф. Голубничая тағайындалды. Жаңа мектептің алғашқы түлектері 55 оқушы болды.Олардың ішінде Л. П. Миргородская, ол өз өмірін мұғалім жұмысына және өз мектебіне арнады. Кейіннен мектеп директоры М. В. Сабашный, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, мектеп түлегі Л. С. Яременко, Б. Г. Майер, А. Н. Андреева, Б. М. Ахажанова, В. П. Курсакова болды, алқазіргі кезде Қ. Ж. Молдагазинова басқарады.
Мектептің музыка мұғалімі Бут Лидия Петровна 1964 жылдың 1 қыркүйегінде жаңа мектептің бірінші сынып оқушысы болған еді.