Жаңалықтар
Өзін-өзі тану олимпиадасы
- Толығырақ
- Жарияланды 26.02.2020 07:45
2020 жылғы 25 ақпан күні ауданымызда алғашқы рет республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының аудандық кезеңі 9-11 сынып оқушылары арасында өтті. Олимпиадаға ауданымыздың 14 мектебінен 38 оқушы қатысты. Олимпиада екі кезең бойынша өтті: эссе жазу және жағдаяттарды шешу.
Олимпиада нәтижесінде ең үздік нәтиже көрсеткен 3 оқушы №1 Успен ЖОББМ-ң 9 сынып оқушысы Аксёнова Екатерина және 10 сынып оқушысы Зайдуллаева Динара, Константинов ЖОББМ-ң 11 сынып оқушысы Куликова Арина облыстық кезеңге қатысуға мүмкіндік алды.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасындағы «Абай жолы» - ғасырлық туынды» аудандық әдеби ринг
- Толығырақ
- Жарияланды 15.02.2020 07:45
Аудандық орталықтандырылған кітапхананың базасында білім бөлімі «Абай жолы» -ғасырлық туынды» атты әдеби ринг өтті. Сайыстың ережесіне сай 2 команда жігіттер мен қыздардан құралған мұғалімдер қатысты.
Мақсаты: аталған шығарма арқылы Ұлы ақынның өнегелі өмірімен көпшілікті таныстыру, даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау.
«Ақынды тану» кезеңінде Абай Құнанбайұлының ғұмырнамасы туралы тест тапсырмаларын орындады.
«Кейіпкерлер келбеті» кезеңінде роман желісі бойынша кейіпкерлердің сипатын анықтау тапсырмасы берілді.
«Қазақ өмірінің энциклопедиясы» кезеңінде роман тарауларынан алынған оқиғаларды тарқатып, өрібітіп айтты.
Қорытынды аттестаттауға дайындық
- Толығырақ
- Жарияланды 14.02.2020 07:45
Негізгі мектеп курсы үшін қорытынды аттестаттауға дайындық шеңберінде 2020 жылғы 14 ақпанда Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесіп қорытынды аттестаттауға енгізілген барлық пәндер бойынша емтихан материалын апробациялау және емтихан тапсырмаларын тексеру бойынша практикалық жұмыс өткізді.
Апробацияға Успен ауданының 8 мектебінен 9 сыныптың 75 оқушысы және 46 пән мұғалімі, сондай-ақ 17 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Апробация барысында оқушылар бір пән бойынша тапсырмалар орындады. Оқушылардың жұмыстарын тексеру әзірленген спецификацияға сәйкес балл қою шәкілі негізінде бағаға ауыстырылды. Апробация нәтижелері бойынша тапсырмалар мен дескрипторлардың мазмұны бойынша қорытынды жасалды.
Аудандық «Мәшһүр оқулары» конкурсы өз мәресіне жетті
- Толығырақ
- Жарияланды 13.02.2020 07:45
Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласын жүзеге асыруда ұлы бабаларымыздың есімдерін келешек ұрпаққа үлгі тұту, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында 2020 жылғы 13 ақпан күні №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің базасында ІІ республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурсқа 3 бағыт бойынша оқушылар қатысып, ұлы баба мұрасынан өз білгендері мен ойға түйгендерін, болашақ қоғамға керек дегендерін ортаға салды. Аудандық конкурсты Успен ауданының білім бөлімі ұйымдастырды. Жүлделі орындар әрбір бағыт бойынша І орын – біреу, ІІ орын – екеу, ІІІ орын – үшеу берілді.
Аудандық мұғалімдерге арналған оқыту семинарлары
- Толығырақ
- Жарияланды 12.02.2020 07:45
11-12 ақпанда №2 және №3 Успен мектебінің базасында аудан мұғалімдеріне арналған семинарлар өтті. Семинарға директордың оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері қатысты.
Семинарлар барысында қабылданған нормативтік-құқықтық құжаттарды Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңын, Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, 9 сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттауды және «Шаңырақ» мектеп ықтымақтастығы жүйесіне енгізудегі НЗМ тәжірибесін тарату мәселелері талқыланды.
Семинардың практикалық бөлігінде пән мұғалімдері 9 сыныпты қорытынды аттестаттау тапсырмаларын әзірлеу жұмыстар бойынша өткізді.
Аудандық семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 05.02.2020 07:45
2020 жылғы 5 ақпанда Лозов ЖОББМ базасында «ШКМ жағдайында инновациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру» тақырыбында аудандық тұрақты көшпелі семинар өтті. Семинарға ауданның 60 педагогі: мектеп басшылары, директордың оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері қатысты.
Семинар бағдарламасы шеңберінде 11 ашық сабақ, «Басшысының уақытын ұйымдастыру және тайм-менеджмент ережесі логикасында оны пайдаланудың тиімділігін арттыру» мектеп директорлары үшін (Лозов ЖОББМ директоры А.А. Али), «Мектептегі білім сапасын арттыру тәсілдері» (Лозов ЖОББМ оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары А. Н. Самарцева), «Тәрбие жұмысының интерактивті формасы тренингі» (Лозов ЖОББМ тәрбие жөніндегі директордың орынбасары М.С. Масакова) тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Әдістемелік семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 15.01.2020 07:45
2020 жылғы 15 қаңтар күні Успен ауданы білім бөліміне тәлімгерлік ететін Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 лицей-мектебінің ұйымдастырған семинарына аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, әдіскерлері және директордың оқу ісін жөніндегі орынбасарлары тәжірибелік семинарға қатысты.
Семинар барысында ашық сабақтар көрсетілді және өткізілген сабақтар бойынша кері байланыс яғни өзара ашық диалог алаңы өтті. «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында (ҚБ, БЖБ, ТЖБ) бағалау үдерісінің ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинар соңында барлық қатысушыларға үлестірмелі материалдар және әдістемелік ұсыныстар берілді