Жаңалықтар
Мұғалімдер күні
- Толығырақ
- Жарияланды 03.10.2019 06:45
3 қазан күні аудандық мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға ауданның барлық педагогикалық қоғамы: мектеп мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтары, балабақшалар мен шағын орталықтардың тәрбиешілері қатысты. Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды.
Аудан әкімі Н. В. Дычко мұғалімдер алдында құттықтау сөз сөйлеп, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады. Павлодар облысы білім беру басқармасының, аудандық мәслихаттың, аудандық білім беру бөлімінің алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен 67 педагог марапатталды.
XIV аудандық Мұқағали Мақатаев оқулары өз мәресіне жетті
- Толығырақ
- Жарияланды 02.10.2019 06:45
2019 жылдың 2-ші қазанында «Успен ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі №3 Успен жалпы орта блімі беру мектебінде өткізілген ХІV аудандық Мұқағали Мақатаев оқуларына 9 мектеп 20 оқушы қатысты. Мұқағали Мақатаев оқулары 7 айдар бойынша өтті.
Байқау нәтижесі келесідей болды: оқытуы қазақ тіліндегі мектептер арасында І орынды Қаратай орта мектебінің 11 сынып оқушысы Құнанбай Жайдар; ІІ орынды Қозыкеткен орта мектебінің 8 сынып оқушылары Кенжеахмет Галия және Тойкенова Индира; ІІІ орынды Константинов орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жетес Аяужан, Ольгин орта мектебінің 7 сынып оқушысы Бауыржан Ақерке, №3 Успен орта мектебінің 10 сынып оқушысы Бектурганова Риза иеленді.
Күзгі кросс
- Толығырақ
- Жарияланды 27.09.2019 06:45
2019 жылдың 27 қыркүйегінде Успен ауылы 28 – інші аудандық жазғы оқушылар спартакиадасы бойынша күзгі кросс жарысы болып өтті.Жарысқа ауданның 15 орта мектебінің оқушылары қатысты.
Жеке сынақ бойынша қыздар арасында 2 мың метр қашықтыққа 3-інші орынды Ольгин жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Жангазинова Эдина жеңіп алды, 2-нші орынды Богатырь орта мектебінің оқушысы Хафизова Юлия жеңіп алса, бірінші орынды №2 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Абдрафикова Арина жеңіп алды.Ұлдар арасында 3 мың метрге Козыкеткен орта мектебінің оқушысы Омербек Ертолкын жеңсе, 2-нші орынға №3 орта мектебінің оқушысы Базарбай Абдуллах ие болды, ал бірінші орынды №2 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Кононенко Родион жеңіп алды.
Республикалық конкурстың аудандық кезеңі "Үздік психолог-2019»
- Толығырақ
- Жарияланды 25.09.2019 06:45
25 қыркүйекте "Балдырған" базасында "Үздік психолог-2019"республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға 6 психолог қатысты.
Ережеге сәйкес қатысушылар қазылар алқасына портфолио, өз жұмысы туралы презентация және эссе ұсынды. Конкурстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы орын бөлді. "Жас психолог" номинациясы-Каматова Анар Еркебаевна (Лозов ЖОББМ), "Креативті психолог" номинациясы-Склярова Марина Александровна (Вознесенск НМ). 3 орын-Бексолтанова Айжан Рашитовна (Қозыкеткен ЖОББМ), 2 орын – Горбатюк Марина Иркиновна (Тимирязев ЖББМ), 1 орын – Скрипник Айгорым Ержанқызы (Галицкая ЖОББМ). Гран-при және "үздік психолог-2019" атағына Сарсенбаева Аймара Нурлановна (№3 Успен ЖОББМ) ие болды.
«Жыл тәрбиешісі - 2019»
- Толығырақ
- Жарияланды 24.09.2019 06:45
2019 жылғы 20 қыркүйекпен 24 қыркүйек аралығында жыл сайынғы аудандық «Жыл тәрбиешісі - 2019» конкурсы өткізілді.
Конкурс 2 кезең бойынша өтті: 1) Pitch презентация (тәжірибені қорғау); 2) Ашық сабақ беру. Конкурсқа ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 8 тәрбиешісі қатысты. Конкурстың корытындысы бойынша: «Ізденімпаз» номинациясы – Табигат Ж №2 Успен ЖОББМ жанындағы шағын орталық тәрбиешісі, «Шабыт» номинациясы Смаилова З.З. Қаратай ЖОББМ және Баубекова Г.Т. Қозыкеткен ЖОББМ, «Табыс» номинациясы – Сарсенбенова Д.Б. Лозовой ЖОББМ жанындағы шағын орталық тәрбиешісі, ІІІ орын – Светлакова Т.Н. Равнополь НЖББМ жанындағы шағын орталық тәрбиешісі, ІІ орын – Крахмаль Л.А. Галицк ЖОББМ, І орын – Джалбырова А.Ж. №3 Успен ЖОББМ, бас жүлде – Султанбаева Г.Ж. «Балапан» сәбилер-бақшасының тәрбиешісі ие болды.
«Жыл мұғалімі - 2019»
- Толығырақ
- Жарияланды 19.09.2019 06:45
2019 жылғы 17 қыркүйекпен 19 қыркүйек аралығында жыл сайынғы аудандық «Жыл мұғалімі - 2019» конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты: педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, білім беруге ынталандыру, мұғалімдердің кәсіби жетістіктерін жетілдіру.
Конкурс 2 кезең бойынша өтті: 1) Pitch презентация (тәжірибені қорғау); 2) Ашық сабақ беру. Конкурсқа ауданның 8 мұғалімі қатысты. Конкурстың корытындысы бойынша: «Шығармашыл ұстаз» номинация иегері – Бочкарева Ж.Қ Қаратай ЖОББМ ағылшын тілі мұғалімі, «Ізденімпаз» номинациясы - Касипхан Ж №3 Успен ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі және Сагайдак Т.А. №2 Успен ЖОББМ ағылшын тілі мұғалімі, «Шабыт» номинациясы – Ақназарова А.А. Лозовой ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Отбасылық демалыс
- Толығырақ
- Жарияланды 05.08.2019 06:45
Облыс әкімі Б. Бақауовтың бастамасымен "Отбасылық демалыс" облыстық әлеуметтік жобасы аясында көп балалы және әлеуметтік қорғалмаған отбасылар үшін 2019 жылғы 4 тамызда 13 отбасы Баянауыл ауданы Жасыбай көлінің жағасында орналасқан "Жан" демалыс үйіне жіберілді.
Біздің ауданнан Писаренко отбасы, анасы Валентина мен қызы Кристина (Галицкое а.) демалысқа жіберілді. Сапарды қаржыландыруды облыстық мәслихат депутаты А. А. Қосицынның басшылығымен "Галицкое" ЖШС жүзеге асырды.