Білім беру ұйымдарында ақша қаражатын
жинауға тыйым салу туралы бұйрық
Мұғалім ретінде мектепке жұмысқа қалай орналасу керек?
Жаңалықтар
Тамыз конференциясы
- Толығырақ
- Жарияланды 28.08.2020 17:40
«Білім берудің цифрлық өзгерістері» тақырыбындағы дәстүрлі педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы Успен ауданында жаңа оқу жылына бастама болды. Бейнеконференцбайланыс арқылы аудан әкімі Николай Васильевич Дычконың қатысуымен өткен кеңеске мектеп директорларымен үздік педагогтары шақырылды.
Өткен оқу жылының жұмысын бөлім басшысы А. Жиренова қорытындылады, үздік мектептердің баяндамалары тыңдалды. Аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары білім беру саласының дамуына үлес қосқан ұстаздары марапатталды.
Жыл қорытындысы бойынша: «Жеңіске құштарлық» номинациясы Вознесен мектебі; «Жаңашыл мектеп» иегері №1 Успен мектебі; «Білім инновация» иегері Қаратай мектебі; «Үздік мектеп - 2020» атағы Қозыкеткен мектебіне берілді.
Аудан әкімі конференция қатысушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
АБАЙ күні
- Толығырақ
- Жарияланды 10.08.2020 10:35
Бүгін қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Бұл ретте Успен ауданының білім саласында ұлы ақынның мерейтойына арналған іс-шаралар жоспары негізінде атқарылып жатқан істер де аз емес.
Бүгін де барлық білім ошақтарында «Абай күні» мерекесіне орай «Өлмейтұғын артына із қалдырған» тақырыбында Абай поэзиясын мәнерлеп оқудан #abai175 хэштегімен онлайн форматта челлендж өтті.
Әр мектептің әлеуметтік желісіндегі Instagram, Facebook парақшаларында оқушылардың жарыса оқыған өлеңдері жарияланды. Сондай-ақ, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының tarbiebolimi_icro instagram парақшаларынан да көре аласыздар.
«IQanat» олимпиадасы
- Толығырақ
- Жарияланды 25.06.2020 10:35
2020 жылғы 24 маусым күні №1 Успен ЖОББМ базасында Республикалық «IQanat» олимпиадасының 2 кезеңі өтті. Олимпиадаға 1 кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Жалпы 2 кезеңде қатысқан оқушылар саны – 5.
Олимпиада математика, физика, ағылшын тілі пәндері және «Эрудит» эссе жазу конкурсы бойынша өткізілді. Математика, физика, ағылшын тілі пәндері жазбаша формада, эссе жазу онлайн форматта Chellenge.kz сайты арқылы жүзеге асырылды. Олимпиада ұсынылған жадынама талаптарына сәйкес өткізілді.
1 кезеңнің жеңімпаздарына «IQanat» білім беру қорынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
2 кезеңнің қорытындысынан жоғары ұпай жинаған оқушылар олимпиаданың келесі 3 кезеңіне жолдама алады. ⠀
Егер үздік болғыңыз келсе, талантты жастарды қолдауға арналған «Елбасы Медалі» бағдарламасына қатысыңыз.
- Толығырақ
- Жарияланды 16.06.2020 10:35
Бұл жоба 14 пен 29 жас аралығындағы мақсаты айқын қазақстандықтарға арналған! Жеті бағыт бойынша дағдыларыңызды
ТЕГІН дамытыңыз:
* Спорт және дене шынықтыру Салауатты өмір салтын қалыптастырады, физикалық және психикалық денсаулықты нығайтады, ерік-жігеріңіздің дамуына ықпал етеді
*Дарын мен дағды Ықыласыңызды тануға, талантыңызды дамытуға, қабілетіңізді кеңейтуге, өзіне деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік береді
*Кітап оқу Ой-өріс көкжиегін кеңейтеді, ойлау қабілетін дамытады, әлемнің тұтас бейнесін (дүниетаным) қалыптастырады, ізгілікке, мәртебе мен альтруизмге үйретеді
* Ұлттық мұра Тұлғалық танымды және ұрпақ сабақтастығын нығайтады, ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді таныстырады
*Еріктілік «soft skills» және эмоционалдық парасатты өркендетеді, әлеуметтік қарым-қатынастарды бекітеді, патриотизм мен әлеуметтік капиталды жетілдіреді, қоғамды дамытуға өз үлесіңізді қосуға мүмкіндік береді
*Туристік саяхаттар Шынайы жағдайда өзіңізді сынауға, шытырман жорықтар рухын тануға, туған өлкеңіздің табиғаты мен тарихын зерттеуге, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері туралы біліміңізді өмірлік тәжірибеде іске асыруға мүмкіндік береді
*Еңбек тәжірибесі Еңбекке баулиды, мақсатқа жету жолында табандылыққа үйретеді, нақты өз таңдауыңызды жасауға, мамандықтың бастапқы дағдыларын игеруге мүмкіндік береді Сіз әр кезеңнен өткен сайын шыңдала түсесіз, талабыңыз оянып сеніміңіз артады, ал финалистер тұғырлы жеңістің бастамасы - «Елбасы медалі» үздік белгісін алатын болады!
Егер сіз байқауға қатысуға нақты шешім қабылдасаңыз, дәл қазір https://me.fpp.kz сілтемесін басып, бағдарламаның өту деңгейін таңдаңыз: қола, күміс немесе алтын. ⠀
Облыстық сырттай мектебінің шағын олимпиадасы
- Толығырақ
- Жарияланды 26.05.2020 11:30
2020 жылы 19-20 мамыр күні «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен қашықтықтан облыстық сырттай мектебінің 8-10 сыныптарына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша шағын олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауылдық жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасынан ғылым негіздеріне ерекше бейімділігі бар дарынды балаларды айқындау, ауылдық мектеп оқушыларының теориялық білімдерінің деңгейін көтеру және практикалық дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.
Олимпиадаға ауданымыздан 8 оқушы қатысты. Олимпиаданың нәтижесінде 4 оқушы жүлделі орынға ие болды:
1) Қазақстан тарихы пәнінен ІІІ орынға - Константинов ЖОББМ, 9 сынып оқушысы Лаур Наталья және 10 сынып оқушысы Жандрахимова Дарина;
2) Биология пәнінен ІІІ орынға – Таволжан ЖОББМ, 10 сынып оқушысы Есалинов Алихан;
3) Физика пәнінен ІІ орынға – Вознесен НЖББМ, 8 сынып оқушысы Бойчук Никита иеленді.
Успен ауданының білім бөлімі олимпиада жүлдегерлерін құттықтайды!
Бар жақсымыз – балаларға!
- Толығырақ
- Жарияланды 21.05.2020 09:40
2020 жылғы 20 мамыр мен 20 маусым аралығында ауданның білім беру мекемелерінде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Барлығы балалар үшін» республикалық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты – мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне күш-жігерін біріктіру.
Осыған байланысты аудандық білім бөлімі «Балдырған» БЭО-мен бірлесе отырып, жеті бағыт бойынша іс-шараларды қосқан және «Бар жақсымыз – балаларға!» деген бір ұран астында біріккен аудандық жоспарды әзірледі.
ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастыру
- Толығырақ
- Жарияланды 24.04.2020 15:45
Қашықтықтан оқыту жағдайында Екібастұз қаласының №1 мамандандырылған мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымында Успен ауданының мұғалімдерін кәсіби қолдау бойынша жұмыс жалғасуда.
2020 жылдың 24 сәуірінде «Қашықтықтан оқыту жағдайында ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастыру» тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Семинар жұмысына №1 Екібастұз мектебі директорының орынбасарлары Гупало Валентина Васильевна, Лозинская Надежда Вячеславовна, математика мұғалімі Лещенко Зинаида Исаковна, Успен ауданы мектептерінің оқу ісі жөніндегі директорлардың орынбасарлары, 11-сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында №1 мамандандырылған мектеп-лицей директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары В. В. Гупало қашықтықтан оқыту жағдайында ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастыру бойынша мектеп әкімшілігінің, пән мұғалімдерінің, мектеп психологының, сынып жетекшісінің міндеттері мен функцияларын атап өтті. Оқушылардың кері байланысын ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен бөлісті, ҰБТ-ға тиімді дайындалу үшін сайттар мен оқу платформаларын ұсынды.