Жаңалықтар
Успен ауданында онлайн форматта «Менің таңдауым – менің болашағым!» проектісі мектеп бітіруші түлектер үшін кәсіптік бағдарлау жұмысын жалғастыруда
- Толығырақ
- Жарияланды 09.04.2020 16:20
Ағымдағы жылдың 9 сәуір күні білім бөлімінің ұйымдастырумен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Гульнар Манатовна Мусановамен мектеп бітіруші түлектер үшін онлайн конференция өтті. Гульнар Манаповна ПМПУ облысымыздың тарихы тереңде жатқан сұранысқа ие жоғары оқу орындарының бірі екенін атап өтті. Студенттерге барлық жағынан жағдай жасалған, оның ішінде заманауи жабдықталған оқу кабинеттері, кітапхана, спорттық кешен, қолжетімді интернет желісі, жатақхана бар.
Өз сөзінде оқуға түсу үшін қажетті құжаттармен оларды тапсыру мерзімімен таныстырды, оқушыларға мамандықты дұрыс таңдауға, білім гранттарының мамандықтарға бөліну ерекшеліктерін түсіндірді. Оқушылармен өзара пікір алмасты. Университет туралы толық мәлімет алғыңыз келсе WWW.PSPU.KZ сайттынан қараңыз немесе мамандықтар бойынша қосымша кеңестер қажет болған жағдайда 87018768535 номеріне хабарласуға болады.
Аудандық Абай оқулары өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 04.03.2020 10:15
Әлемдік деңгейдегі көрнекті тұлғаның бірі, ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуын тойлау қазақ қоғамы үшін маңызды. Оқушылардың қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, әдеби мұрасын насихаттау мақсатында аудандық Абай оқулары өтті. Абай оқуларына ауданымыздың 16 мектебінен 71 оқушы қатысты. Өзге ұлт оқушылары қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушыларынан өзге ұлт өкілдері жекелей бағаланды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 1орын – екеу (қазақ және өзге ұлты); 2 орын – төртеу (қазақ және өзге ұлт); ІІІ орын – алтау. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша І орын – біреу (қазақ); ІІ орын – біреу (өзге ұлт), ІІІ орын – біреу (өзге ұлт). «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша І орын – біреу (өзге ұлт), ІІ орын – біреу (өзге ұлт).
Абай салған соқпақ бөлек, жол бөлек
- Толығырақ
- Жарияланды 27.02.2020 07:45
Уақыт – тынымсыз қозғалыс. Уақытқа бағынбақ – пенденің жазылмаған заңы болар. Әйтсе де Абай Құнанбайұлының да өмірге келгеніне 175 жыл толып отыр. Бұл дегеніміз бір жарым ғасырдан аса уақыт емес пе? Иә, бұл күнге де жеттік. Бүгінде біз тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрып отырмыз. Бұл 175 жыл талай қилы оқиғалардың куәсі екенін тарихтан жақсы білеміз. Абай бабамыздың артына қалдырған мол мұрасы, бүгінгі күнде адамзаттың әдебиет қорына рухани азығына айналып отыр. Абайды әлем мойындағалы да біраз жылдың көлемі болды. Биыл Ұлы Абай атамыздың айтулы мерейтойы Қазақстанның түпкір-түпкірінде тойланып жатыр.
Осындай дүбірлі аламаннан қалыс қалмайық деп, біздің Успен ауданы да өз шама-шарқынша тойлап отырған жайы бар. Осы мақсатта аудан орталығындағы қазақ мектебінің қара шаңырағы №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінде 2020 жылғы 27 ақпан күні Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы желісімен «Абай» спектаклі өтті. Аталған іс-шараға шақырылған қонақтар, бөлім басшылары, мектеп директорлары, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, ата-аналар, 5-11 сынып оқушылары қатысты.
«Дарынды оқушыға – талантты ұстаз» олимпиадасы
- Толығырақ
- Жарияланды 26.02.2020 09:45
2020 жылғы 26 ақпан күні республикалық мұғалімдер арасында «Дарынды оқушыға – талантты ұстаз» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Педагогикалық олимпиада мұғалімдердің дарынды балалармен –педагогикалық білім берудің барлық деңгейлерінде жұмыс жасауға дайындықтың бір түрі болып табылады сондай-ақ педагогтың жеке шығармашылық кеңістігін шоғырландыруға, зерттеушілік-ізденушілік бағытын таңдауға, педагогикалық өз ойын білдіру тәсілдерін және болашақта жеке шығармашылық жолын табуға мүмкіндік береді.
Олимпиадада еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандар: мұғалімдер, аға тәлімгерлер және мектеп психологтері қатысты. Қатысушылар келесі кезеңдерден өтті: сырттай кезең – эссе жазу, күндізгі кезең – таныстыру және педагогикалық жобаларды қорғау.
Өзін-өзі тану олимпиадасы
- Толығырақ
- Жарияланды 26.02.2020 07:45
2020 жылғы 25 ақпан күні ауданымызда алғашқы рет республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының аудандық кезеңі 9-11 сынып оқушылары арасында өтті. Олимпиадаға ауданымыздың 14 мектебінен 38 оқушы қатысты. Олимпиада екі кезең бойынша өтті: эссе жазу және жағдаяттарды шешу.
Олимпиада нәтижесінде ең үздік нәтиже көрсеткен 3 оқушы №1 Успен ЖОББМ-ң 9 сынып оқушысы Аксёнова Екатерина және 10 сынып оқушысы Зайдуллаева Динара, Константинов ЖОББМ-ң 11 сынып оқушысы Куликова Арина облыстық кезеңге қатысуға мүмкіндік алды.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасындағы «Абай жолы» - ғасырлық туынды» аудандық әдеби ринг
- Толығырақ
- Жарияланды 15.02.2020 07:45
Аудандық орталықтандырылған кітапхананың базасында білім бөлімі «Абай жолы» -ғасырлық туынды» атты әдеби ринг өтті. Сайыстың ережесіне сай 2 команда жігіттер мен қыздардан құралған мұғалімдер қатысты.
Мақсаты: аталған шығарма арқылы Ұлы ақынның өнегелі өмірімен көпшілікті таныстыру, даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау.
«Ақынды тану» кезеңінде Абай Құнанбайұлының ғұмырнамасы туралы тест тапсырмаларын орындады.
«Кейіпкерлер келбеті» кезеңінде роман желісі бойынша кейіпкерлердің сипатын анықтау тапсырмасы берілді.
«Қазақ өмірінің энциклопедиясы» кезеңінде роман тарауларынан алынған оқиғаларды тарқатып, өрібітіп айтты.
Қорытынды аттестаттауға дайындық
- Толығырақ
- Жарияланды 14.02.2020 07:45
Негізгі мектеп курсы үшін қорытынды аттестаттауға дайындық шеңберінде 2020 жылғы 14 ақпанда Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесіп қорытынды аттестаттауға енгізілген барлық пәндер бойынша емтихан материалын апробациялау және емтихан тапсырмаларын тексеру бойынша практикалық жұмыс өткізді.
Апробацияға Успен ауданының 8 мектебінен 9 сыныптың 75 оқушысы және 46 пән мұғалімі, сондай-ақ 17 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Апробация барысында оқушылар бір пән бойынша тапсырмалар орындады. Оқушылардың жұмыстарын тексеру әзірленген спецификацияға сәйкес балл қою шәкілі негізінде бағаға ауыстырылды. Апробация нәтижелері бойынша тапсырмалар мен дескрипторлардың мазмұны бойынша қорытынды жасалды.