Жаңалықтар
Аудандық «Мәшһүр оқулары» конкурсы өз мәресіне жетті
- Толығырақ
- Жарияланды 13.02.2020 07:45
Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласын жүзеге асыруда ұлы бабаларымыздың есімдерін келешек ұрпаққа үлгі тұту, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында 2020 жылғы 13 ақпан күні №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің базасында ІІ республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурсқа 3 бағыт бойынша оқушылар қатысып, ұлы баба мұрасынан өз білгендері мен ойға түйгендерін, болашақ қоғамға керек дегендерін ортаға салды. Аудандық конкурсты Успен ауданының білім бөлімі ұйымдастырды. Жүлделі орындар әрбір бағыт бойынша І орын – біреу, ІІ орын – екеу, ІІІ орын – үшеу берілді.
Аудандық мұғалімдерге арналған оқыту семинарлары
- Толығырақ
- Жарияланды 12.02.2020 07:45
11-12 ақпанда №2 және №3 Успен мектебінің базасында аудан мұғалімдеріне арналған семинарлар өтті. Семинарға директордың оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері қатысты.
Семинарлар барысында қабылданған нормативтік-құқықтық құжаттарды Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңын, Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, 9 сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттауды және «Шаңырақ» мектеп ықтымақтастығы жүйесіне енгізудегі НЗМ тәжірибесін тарату мәселелері талқыланды.
Семинардың практикалық бөлігінде пән мұғалімдері 9 сыныпты қорытынды аттестаттау тапсырмаларын әзірлеу жұмыстар бойынша өткізді.
Аудандық семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 05.02.2020 07:45
2020 жылғы 5 ақпанда Лозов ЖОББМ базасында «ШКМ жағдайында инновациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру» тақырыбында аудандық тұрақты көшпелі семинар өтті. Семинарға ауданның 60 педагогі: мектеп басшылары, директордың оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері қатысты.
Семинар бағдарламасы шеңберінде 11 ашық сабақ, «Басшысының уақытын ұйымдастыру және тайм-менеджмент ережесі логикасында оны пайдаланудың тиімділігін арттыру» мектеп директорлары үшін (Лозов ЖОББМ директоры А.А. Али), «Мектептегі білім сапасын арттыру тәсілдері» (Лозов ЖОББМ оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары А. Н. Самарцева), «Тәрбие жұмысының интерактивті формасы тренингі» (Лозов ЖОББМ тәрбие жөніндегі директордың орынбасары М.С. Масакова) тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Әдістемелік семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 15.01.2020 07:45
2020 жылғы 15 қаңтар күні Успен ауданы білім бөліміне тәлімгерлік ететін Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 лицей-мектебінің ұйымдастырған семинарына аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, әдіскерлері және директордың оқу ісін жөніндегі орынбасарлары тәжірибелік семинарға қатысты.
Семинар барысында ашық сабақтар көрсетілді және өткізілген сабақтар бойынша кері байланыс яғни өзара ашық диалог алаңы өтті. «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында (ҚБ, БЖБ, ТЖБ) бағалау үдерісінің ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинар соңында барлық қатысушыларға үлестірмелі материалдар және әдістемелік ұсыныстар берілді
Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы
- Толығырақ
- Жарияланды 30.12.2019 07:45
2019 жылғы 27 желтоқсанда №1 Успен ЖОББМ базасында Успен ауданының әкімі Н. В. Дычко атынан жаңа жылдық шырша өтті. Аталған іс-шара жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға, ауданның үздік оқушыларына дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Жаңа жылдық мерекеге ауданның барлық мектептерінен 100 бала келді.
Жаңа жылдық іс-шараға жиналған барлық балаларды аудан әкімі Николай Васильевич Дычко құттықтап, зор денсаулық, жаңа жылда барлық тілек-тілектердің орындалуын және барлық істерде табыс тіледі. Балаларға ертегі және тарихи кейіпкерлердің қатысуымен жаңа жылдық театрландырылған көрініс, музыкалық және би нөмірлері дайындалды.
Соңында балалар үшін жаңа Жылдық шырша қарастырылып, тағам мерекелік медалімен марапаттады. Әрбір балаға сыйлық және тәттілер табыс етілді.