2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін7
Кеше57
Апта118
Ай1350
Барлық күндері106631

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жаңалықтар

Оқушылардың 12-ші аудандық қысқы спартакиадасы

 

    2019 жылдың 16 ақпан Успен ауылының «Балдырған» балалар орталығында және № 1 Успен ЖОББМ мектеп оқушыларының аудандық 12-шы қысқы спартакиада есебіне шахмат, дойбы жарысы өткізілді. Жарысқа жалпы 85 оқушы қамтылуымен ауданның 14 мектебі қатысты. Жарыс дойбы қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі тәртіпте анықталды: 3-ші орынды Равнополь ОББМ командасы иеленді, құрамы Жандрахимов Д, Жандрахимова Д, Жандрахимов А, команда жаттықтырушысы А.А.Есембаев, 2-ші орынға № 2 Успен ЖОББМ командасы ие болды, команда құрамы: Бочковский И, Рамазанов Ж, Тусупбаева К, команда жаттықтырушысы Д.И.Лозовик. Ал жарыс жеңімпазы атанған Константинов ЖОББМ командасы. Команда құрамы: Козлов В, Омаров Д, Смагулова К, команда жаттықтырушысы Ж.Б.Мадениетов. Жарыс шахмат қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі тәртіпте анықталды: 3-ші орынды №2 Успен ЖОББМ командасы иеленді, құрамы Садвакасов Н, Пилько В, Дуненбаев Б, команда жаттықтырушысы Г.Ж.Сулейменов, 2-ші орынға № 1 Успен ЖОББМ командасы ие болды, команда құрамы: Усенов Н, Усенов А, Манжос Е, команда жаттықтырушысы М.Б.Сагайдак. Ал жарыс жеңімпазы атанған № 3 Успен ЖОББМ командасы. Команда құрамы: Ибраев А, Бақытбекқызы Ф, Сарсенбинов С, команда жаттықтырушысы Н.К.Косыбаев. Жүлделі орындарды иеленген қатысушылар мен командалар «Қайсар» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру тәрбиесі клубының грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.