2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін49
Кеше72
Апта232
Ай1464
Барлық күндері106745

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жаңалықтар

"Деструктивті табынушылыққа және экстремистік ұйымдарға қалай тартылмау керек"

 

   14 наурызда №1 Успен жалпы білім беру мектебінің базасында 11 сынып оқушылары үшін "Деструктивті табынушылыққа және экстремистік ұйымдарға қалай тартылмау керек" атты тренинг өткізілді.

   Осы тренингтің мақсаты жасөспірімдерде бейбітшілікті тәрбиелеу, басқа адамдарды қабылдау және түсіну, олармен жағымды қарым-қатынас жасау. Сабақта мектеп психологы В. И. Бахман оқушыларды "Деструктивтік діни ағымдар" ұғымымен таныстырды. Оқушылар "Экстремизм" тақырыбына кластер жасады. Сонымен қатар "Деструктивтік діни ағымдар - санаңның тұманы" атты бейнефильм көрсетілді. Балаларға бір тапсырманың ішінде адамның психологиялық портретін сипаттау, әрі олардың пікірінше деструктивті бағыттағы желіге оңай түсіп қалатын, сонымен қатар осы бағыттағы өкілі болып табылатын адамды сипаттау ұсынылды.

   Психологиялық портреттер жасалып, талқыланғаннан кейін оқушыларға "Өзін деструктивті қозғалыстар өкілдерінің ықпалынан қалай қамтамасыз ету керек" деген жадынамалар таратылды. Сонымен қатар "Төзімділік", "Толерантты болу деген не...?" деген ұғымдарға назар аударылды. Тренинг соңында оқушылар "Төзімділік планетасы" атты шығармашылық тапсырманы орындады.