2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін26
Кеше55
Апта185
Ай1374
Барлық күндері105118

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жаңалықтар

"Жас Қанат" жобасы аясындағы "Шуақты көктем" атты аудандық музыкалық байқауы

 

    2019 жылы 14 наурызда "Балдырған" балалар эстетикалық орталығында "Шуақты көктем" атты аудандық музыкалық байқауы өтті.

   Байқаудың мақсаты: заманауи музыкалық өнер рухында оқушылар ұжымдары арасында вокалдық, би және аспаптық орындаушылардың шығармашылық қызметін жандандыру. Байқау ұжымдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, стильдер мен формалардың алуан түрлілігі есебінен музыкалық орындаушылықты танымал етуге мүмкіндік береді.

   Конкурстың міндеттері: - шығармашыл дарынды балаларды анықтау және қолдау; - кәсіби және әуесқой шеберлігін арттыру; - қоғамның назарын балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына аудару; Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді: - Вокал (солистер, вокалдық топтар); - Хореография (солистер, ансамбльдер); - Аспаптық музыка (соло, ансамбльдер). Байқауға қатысушылар екі жас категорияларына бөлінген: 6-11 жас және 12-17 жас. Сайыс жақсы деңгейде өтті. Новопокров НОМ, Ковалев НОМ, Вознесен НОМ, Дмитриев БОМ сияқты мектептерді қоспағанда, барлық мектеп ұжымдарынан музыкалық нөмірлер ұсынылды.

   Қазылар алқасы: Капаева Г. А.- «Бос уақыт орталығының» әдіскері, Устименко С. М. – "Бос уақыт орталығының" мәдени ұйымдастырушысы, Ербақ Құрметжан –"Бос уақыт орталығы" музыкалық басшысы.

   Конкурс қорытындысы бойынша орындар бөлінді:

   "Вокал"-соло номинациясында: 7-10 жас І-орын-Козленко Алина - №2 Успен ЖОББМ. ІІ-орын-Костенко Арина-Галицк ЖОББМ. ІІІ-орын-Крук Яна және Жумабай Ясмин-Павлов ЖОББМ.

   "Вокал"-соло номинациясында: 12-17 жас І орын-Жакуаова Азалия Қозыкеткен ЖОББМ, ІІ-орын-Арынгазинова Диана-Таволжан ЖОББМ ІІІ-орын - Дауатханова Ясмин-Павлов ЖОББМ

   "Вокал"-вокалдық топ номинациясында: 6-11 жас І-орын - №2 ЖОББМ вокалдық тобы, ІІ-орын-Вокалдық тобы "Каприз" - БЭО " Балдырған», ІІІ-орын- "Каприз" вокалдық тобы - "Балдырған" БЭО, ІІІ-орын -"Мошақтар" вокалдық тобы - Галицк ЖОББМ,

   "Вокал"- вокалдық топ номинациясында: 12-17 жас І-орын - №3 ЖОББМ вокалдық тобы, ІІ-орын - "Мошақтар" вокалдық тобы - Галицк ЖОББМ, ІІІ-орын - "Нұр" тобы - Белоусов ЖОББМ.

   "Аспаптық музыка" ансамбльдер: І – орын - Қаратай ЖОББМ "Домбырашылар ансамблі". І-орын - Ораз Гүлдана (соло) Қаратай ЖОББМ. "Хореография" номинациясында (соло): І-орын - Клушева Карина Қаратай ЖОББМ.

   "Хореография" номинациясы бойынша (6-11 жас): І-орын-Ольгин ЖОББМ "Тұлпар" тобы, ІІ – орын - №1 Успен ЖОББМ "Шоколад кәмпиттері" ІІ –орын-Қаратай ЖОББМ би тобы. ІІІ-орын "Айгөлек" Константинов ЖОББМ.

   "Хореография" номинациясында 12-17 жас (ансамбль): І-орын-Галицк ЖОББМ "Ассорти" би тобы, ІІ – орын-Павлов ЖОББМ "Black velvet" би тобы, ІІІ-орын "Вдохновение" тобы Ольгин ЖОББМ.