2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін31
Кеше57
Апта142
Ай1374
Барлық күндері106655

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жаңалықтар

«Жас қорғаушы» әскери-спорттық лагерьдің екінші күні

 

    Успен ауданында Лозов ЖОББМ базасында «Жас қорғаушы» әскери-спорттық лагері жұмысын жалғастыруда. Бүгін лагерь тәрбиеленушілері мен оқытушылар «Жетісу» шекара заставасында болды.

   Застава бастығының міндетін атқарушы Қыдырбек Қасымханұлы Сабитбек жастарды застава қызметкерлерінің жұмыс күндерімен таныстырды. Балаларға заставаның техникалық жабдықталуы, жұмыста қолданылатын автокөлік құралдары көрсетілді.

   Дәріс және қызметтік итпен көрнекі жаттығулар өте қызықты және танымды өтті. Шекара заставасының қызметкерлері Альфа неміс овчаркасымен бірге тексеру қалай жүргізілетінін, тексеру кезінде және тәртіп бұзушыларды ұстау кезінде есірткі заттарын анықтаған кезде қызметкерлердің қалай әрекет ететінін көрсетті. Күннің екінші жартысында шекара заставасының қызметкерлері балаларға ҚР Мемлекеттік шекарасына шығуды ұйымдастырды.