2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін55
Кеше57
Апта166
Ай1398
Барлық күндері106679

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жаңалықтар

Бар жақсымыз – балаларға!

2020 жылғы 20 мамыр мен 20 маусым аралығында ауданның білім беру мекемелерінде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Барлығы балалар үшін» республикалық акциясы басталды.

   Акцияның мақсаты – мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне күш-жігерін біріктіру.

   Осыған байланысты аудандық білім бөлімі «Балдырған» БЭО-мен бірлесе отырып, жеті бағыт бойынша іс-шараларды қосқан және «Бар жақсымыз – балаларға!» деген бір ұран астында біріккен аудандық жоспарды әзірледі.

   «Қазақстан-2050» стратегиясында баланы қорғау еліміздің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып жарияланды. Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан жерінде туған әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз ету міндетін қойды.

   Қазақстан Республикасында Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу әрбір жас қазақстандықтың әл-ауқаты туралы мемлекеттік назары мен қамқорлығының, елдің қатысушы мемлекет ретінде БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы халықаралық конвенциясының ережелерін іс жүзінде жүзеге асыруға ұмтылуының басымдығы болып табылады.