Жаңалықтар
Білім бөлімінің басшысының есептік кездесуі
- Толығырақ
- Жарияланды 26.10.2020 17:50
Білім бөлімінің басшысы А.К. Жиренова білім беру ұйымдарын дамытуға бюджет қаражатын жұмсау бойынша аудан мектептерінің қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен және ата-аналар қауымымен есеп беру кездесуі өткізілді. Есеп беру жиынына мектеп директорлары, мұғалімдер, аудан мектеп оқушыларының ата-аналары және мектеп қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысты.
Білім бөлімінің басшысы А.К. Жиренова ата-аналарға 2020 жылы барлығы 2 363 260,0 мың теңге бөлінгендігі жөнінде хабар етті, оның ішінде республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер 514668,0 мың теңге. Білім беру қаражаты 15 шағын орталық, 19 мектеп, білім бөлімі, әдістемелік кабинет, орталықтандырылған бухгатерия, білім беру ошықтарына оқулықтар сатып алу, «Балдырған» балалар эстетикалық орталығы қосымша білім беру ұйымына, мектеп олимпиадалары мен аймақтық ауқымдағы іс-шараларды өткізуге, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға, қорғаншыларға төлемдер, баланы асырап алғаны үшін бір жолғы төлем, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстарына, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру, төменгі бюджеттерге ағымдағы трансферттерге жұмсалады.
Баяндаманың толық мәтіні білім бөлімінің сайтында бөлек орналастырылады.