Жаңалықтар
«IQanat» олимпиадасы
- Толығырақ
- Жарияланды 18.02.2021 16:30
2021 жылғы 18 ақпан күні 8 сыныптар арасында Республикалық «IQanat» олимпиадасының 1 кезеңі өтті. Олимпиада «IQanat» білім беру қорының облыстық үйлестірушісі Ш.К. Қайырбек ұйымдастыруымен өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру; оқушылардың математика, физика, ағылшын тілі және әдебиет сияқты пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру; оқушылар арасында тікелей байланыс пен тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілді: тілдік пәндер (қазақ, орыс тілі), математика, жаратылыстану бағытындағы пәндер (химия, биология, физика), гуманитарлық бағыттағы пәндер (Қазақстан тарихы, география, дүниежүзі тарихы), ағылшын тілі.
Олимпиадаға ауданның 11 мектептерінен - 59, 8 сынып оқушылары қатысты. 1 кезеңнің қорытындысынан жоғары ұпай жинаған оқушылар келесі кезеңге жолдама алады.