2

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін23
Кеше36
Апта296
Ай1201
Барлық күндері62337

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жаңалықтар

Бірыңғай сынып сағаты өтті

Успен ауданының барлық білім беру ошақтарында ақиық ақын – Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы құрметіне ақынның туған күні 9 ақпанда «Мұқағали Мақатаев – ХХІ ғасыр ақыны» аудандық бірыңғай сынып сағаты өтті.

   Мақсаты: Ақиық ақын М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Оқушыларды қазақ әдебиетін сүйсініп оқуға, поэзиямен сусындауға, Отансүйгіштікке баулу болып табылады.

   Бірыңғай сынып сағаты дәстүрлі және қашықтық форматта өтті. 5-11 сынып оқушылары (қамту - 1052 оқушы) және мектеп әкімшілігі, қазақ тілі мент әдебиеті, музыка, сызу пәндері мұғалімдері, сынып жетекшілері және аға тәлімгерлер (қамту - 98 педагог) қатысты.

   Білім бөлімінің алдына ала дайындаған ұсыныстары бойынша сынып сағатын М. Мақатаев портреті болу, «Иллюстрациялық сурет» (М. Мұқағали шығармашылығына иллюстрациялық сурет салу) оқушы салған суреттерден көрме ұйымдастырылды. «Сар жайлау» әнімен сынып сағатын ашылды. «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» айдарында ақын өлеңдері оқылды. Сынып сағаттарына балалар айрықша ынтамен қатысып, ақын жайында көп мағмұлматтарға қанық болды.