Жаңалықтар
Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған «Ұлыстың ұлы күні», онкүндігінің ашылуы
- Толығырақ
- Жарияланды 10.03.2021 10:00
Бүгін Успен ауданының білім беру ұйымдарында Наурыз мейрамына арналған «Ұлыстың ұлы күні» онкүндігі басталды.
Наурыз мейрамы дәстүр бойынша 21-23 наурызда, күн мен түннің теңескен күндерінде тойланады және көптеген түркі халықтары үшін көктемдік жаңаруының, махаббат пен достық салтанатының символы болып табылады.
Онкүндіктің негізгі мақсаты-ұлттық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды сақтау және көбейту, мәдени құндылықтарды сақтау, Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық байланыстарын нығайту, патриотизмге тәрбиелеу.
10-22 наурыз аралығында білім беру ұйымдарында мерекелік іс-шаралар өтеді: қолөнер көрмелері, сурет байқаулары, «Наурыз шақырады» мектеп этноауылдарының байқауы, «Шуақты көктем» балалар шығармашылық байқауы, "халық қолөнерін сақтаушылар" бейнероликтер байқауы, «Дәстүр шежіресі» эссе байқауы, ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық іс-шаралар және тағы басқалар.
Біз барлық оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды онкүндікке белсенді қатысуға шақырамыз.