2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін66
Кеше78
Апта270
Ай1109
Барлық күндері106390

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жаңалықтар

«Елбасы Медалі» жобасына қатысқан оқушыларды марапаттау

   2021 жылғы 7 сәуір күні ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры және «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры жастарға арналған «Елбасы Медалі» жобасы 2 кезеңінің «Қола медаль» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.

   Қола медаль иегерлерін марапатттау рәсімі аудан әкімі Дычко Николай Васильевичтің және білім беру бөлімінің басшысы Жиренова Айнагуль Кенжалиевнаның қатысуымен өтті. «Қола медальдармен» және төсбелгілермен Константинов орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жандрахимова Дарина, Каратай орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ораз Гүлдана, 8 сынып оқушысы Сансызбай Фатима, №3 Успен орта мектебінің 9 сынып оқушысы Калыкова Дильназ және Таволжан орта мектебінің 11 сынып оқушысы Есалинов Алихан марапатталды.

   Оқушылардың қатысуына ықпалдасып қолдау көрсеткені үшін мектеп директорларына, сонымен бірге балалардың шығармашылығын шыңдап, тәрбие берудегі елеулі еңбегі үшін оқушылардың ата-аналарына алғыс хаттар берілді. Білім бөлімі жеңімпаздарды құттықтайды және жаңа жетістіктерге жете беруді тілейді!