2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін34
Кеше60
Апта253
Ай1442
Барлық күндері105186

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жаңалықтар

Аудандық тамыз кеңесі

   26 тамызда «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында аудандық тамыз конференциясы өтті.

   Пленарлық бөлімде білім беру бөлімнің басшысы А. Жиренова өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылының міндеттері мен мақсаттарын айқындады. Сапалы саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы, жүйелі жұмысы, білім белесіндегі жеткен жетістіктері жөніндегі Қаратай мектебінің директоры Б. Бекенова сөз сөйледі. Қашықтықтан оқыту жағдайындағы оқушылардың психологиялық ахуалы, дене тәрбиесі сау ұрпақтың негізі ретінде, спорт мәдениетін дамыту және жетілдіру, жас ұрпақтың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында ашылған музыкалық мектеп қызметі жөнінде мәселелер қозғалды.

   Аудан әкімі Н. Дычко білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі дамытуды және де ұстаздар мен оқушылардан зор үміт күтетіндігін айтты.

   Жиынның салтанатты рәсімінде инновациялық құзыреттілігі, шығармашылық ізденісі, алғырлығы, зеректігі, білім беру саласындағы жеткен жетістігі үшін «Педагогикалық олимп» номинациямен және ҰБТ-ға түлектерді жоғары деңгейде сапалы дайындағаны үшін аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды және ақшалай сертификатта табысталды.

   Сондай-ақ, ҚР білім және ғылым министрінің, облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамоталары, Алғыс хаттарымен ұстаздар қауымы марапатталды. Өткен оқу жылының ең маңызды, ең шешуші сәті білім беру ұйымдары арасындағы дәстүрлі конкурстардың жеңімпаздары анықталды.

«Үздік спорт мектебі»- №2 Успен мектебіне;

«Үздік мектеп жанындағы лагерь» - Павлов мектебіне;

«Білім инновация» - Таволжан мектебіне табысталды.

Аудан мектептері арасында ең үздік деп танылған білім ордасы - Қаратай мектебі «Үздік білім беру ұйымы -2021» атағын жеңіп алды.

   Конкурс жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар берілді. Жас мамандардың алғашқы педагогикалық еңбек жолына басқан қадамдарына құрмет көрсетілді. Оларға аға буын өкілдері ізгі тілектерін білдірді. Атаулы мерекелік жиын мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Мерекелік көңіл күй сыйлағаны үшін аудандық мәдениет үйі қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз!