2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін28
Кеше72
Апта211
Ай1443
Барлық күндері106724

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне арналған «Әртүрлі жастағы топтарға оқу сабақтарын ұйымдастыру» аудандық семинары туралы

   

   Шағын орталықтар қызметінің ерекшелігі – әртүрлі жастағы балалардан құралған топтардағы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту болып табылады. Әртүрлі жастағы балалардан құралған топтарда педагогикалық процессті ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар және педагогтың барлық жастағы топтарға жүргізілетін бағдарлама мазмұнын білуін талап етеді:

   - бағдарламалық талаптарды жас және жеке дара ерекшеліктеріне қарай ұштастыра білу;

   - балалардың жасы және жеке дара мүмкіндіктеріне сәйкес дамытуға мүмкіндік беретін кәсіби қабілеттерді дамыту;

   - түрлі педагогикалық технологияларды игеру.

   2017 жылдың 12 мамыры күні Константинов ауылындағы «Айгөлек» бөбектер бақшасында тәрбиешілерге арналған «Әртүрлі жастағы топтарға оқу сабақтарын ұйымдастыру» аудандық семинары өткізілді.

   Семинардың бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бойынша әдіскері Жандосова Гүлмира Зайдоллақызы, «Айгөлек» бөбектер бақшасының директоры Смаилова Айгүл Қайыргелдіқызы сөз сөйледі.

   Равнополь мектебі жанындағы «Ақбота» шағын орталығының тәрбиешісі Светлакова Татьяна Николаевна әртүрлі жастағы топтарда тіл дамыту және сурет салу бойынша «Су айдындары әлемі» интеграциялық оқу сабағын өткізді, өздігінен білім алу тақырыбы бойынша «Айгөлек» бөбектер бақшасының әдіскері Легчилина Оксана Валерьевна жұмыс тәжірибесін қорыту: «Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамыту» тәжірибесімен бөлісті.

   Әр түрлі жастағы балалармен жұмыс істеу бойынша «Балапан» шағын орталығының тәрбиешісі Шәріпова Роза Қуанқызы, «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Рамазанова Меруерт Күнжарыққызы, «Айгөлек» шағын орталығының тәрбиешісі Масақова Мәдина Бахтыбекқызы өз тәжірибелерімен бөлісіп ойларын ортаға салды.

   Семинардың қорытындылары бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. .  

 

1 1