2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін37
Кеше57
Апта148
Ай1380
Барлық күндері106661

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Успен ауданындағы соңғы қоңырау мерекесі

   25 мамыр күні Успен ауданының оқушылар үшін салтанатты соңғы қоңырау мерекесі болып өтті. №2 Успен ЖОББМ оқушылар мен бітірушілерін құттықтау үшін 1981 жылы осы мектеп қабырғасын бітірген аудан әкімі Саламацкий Сергей Иванович келді.

   Сергей Иванович барлық оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап жүрек жарды тілегін айтты, мектеп бітіруші түлектерге мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырып, жоғарғы оқу орындарына түсуге тілек білдірді.

   Салтанатты линейкаларда республикалық «Мектебіме тағзым» акциясы бастау алды, бұл іс-шараның басты мақсаты мектептің бітірушілерін өз мектептерінің дамуына үлес қосуға, сондай-ақ қайырымдылық және демеушілік көмек кеөрсетуге тарту болып табылады.

   Биыл Успен ауданының мектептерінен 73 түлек қанат қағып ұшқалы тұр. Олардың арасында оқу мен спортта ерекше көзге түскендер де баршылық, атап айтар болсақ облыстық пәндік олимпиаданың, облыстық спорттық жарыстардың жүлдегерлері, облыстық «Ертіс дарыны» сырттай оқу мектебінің түлектері де аз емес.

   Енді он бірінші сынып оқушыларының, сондай- ақ олардың ата-аналары мен педагогтарының алдында тағы бір белес - ұлттық бірыңғай тестілеу міндеті тұр. Биыл ауданның 38 бітірушісі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын болады, ал 3 түлек ерекше үлгідегі аттестат алудан үміткер.

   Сәт- сапар!

 

1