2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін26
Кеше55
Апта185
Ай1374
Барлық күндері105118

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Ұмытылмас каникул

    Осы күндері №2 Успен ЖОББ мектебінің базасында ашылған киіз үйлі «Атамұра» лагерінде бірлік пен достықтың шуағы нұрын шашқан күн болды.

   Киіз үйлі лагердің ашылуының басты мақсаты – мәдени құндылықтарды, ұлттық дәстүрлеріміз бен қазақ халқының салттарын сақтау, толеранттылыққа тәрбиелеу, қазақстандық патриотизм қалыптастыру болып табылады.

   Лагердің бағдарламасы Қазақстан өмірінің маңызды екі оқиғасына - халықаралық «ЭКСПО -2017» көрмесі және жақында өтететін Астана күні құрметіне арналған болатын.

   Құрметті қонақ ретінде дәстүрлеріміз бен салттарымызды көздің қарашығындай сақтаушы аудандық «Нұр- Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының мүшелері шақырылды. Олармен бірге қыздар ұлттық тағамымыз бесбармақ, бауырсақ пісірді, ұлдар киіз үй тігуге үйренді.

   Ұлттық қолданбалы өнер шеберлерінің киіз жасау, жүн өндеу, теріден қамшы өру, ағашты ою қолөнер жұмыстарымен танысты және бұл сабақтар олардың үлкен қызуғушылықтарын оятты.

   Киіз үйлі лагердің жұмыс қорытындылары бойынша лагерде алған білімдерінің негізінде Астана күніне сыйлық ретінде кілем жасалды. Бұл кілем бірлік пен келісім символы ретінде Успен аудандық өлкетану мұражайына тапсырылды.

 

1