2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін24
Кеше54
Апта78
Ай1310
Барлық күндері106591

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы

 

   Ата – аналарды отбасылық тәрбиелеу мәселелерін талқылауға тарту, олардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру мақсатында 2019 жылдың 15 мамырында сағат 18.30-да ауданның барлық мектептерінде Халықаралық Отбасы күніне арналған «Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтығының негізі» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.

   Іс-шараға аудан оқушыларының 939 ата-анасы, мектеп педагогтары, Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық білім беру бөлімінің өкілдері, еңбек ардагерлері қатысты.

   Ата-аналар жиналысы барысында рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеудің маңызды мәселелері талқыланды: отбасы құндылықтарын сақтау және нығайту, ұрпақтар сабақтастығы, оқушылардың азаматтық сана-сезімін және патриотизмін қалыптастыруда ұлттық тәрбиенің маңызы.

   Рухани құндылықтарды қалыптастыруда Н. А. Назарбаев ұсынған «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы үлкен рөл атқарады және оның аясында белсенді тәрбие жұмысы жүргізіледі.

   Оқу жылының аяқталуына қатысты мәселелер де тыс қалған жоқ. Білім беру мекемелерінің білім беру және тәрбие қызметінің, мектептердің Қамқоршылық кеңесінің қызметінің қорытындылары шығарылды, 9-11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау мәселелері қозғалды.