2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін3
Кеше79
Апта265
Ай1497
Барлық күндері106778

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Ұстаздық еткен жалықпас........

Ұстаздық еткен жалықпас........

Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына ,олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім,білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру-жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.

Қазіргі кезде жас ұрпақты сапалы біліммен қаруландырып,олардың көркемдік талғамын арттыруда,ізгі мінез ,адамгершілік ,ұлттық қасиеттерін қалыптастыруда қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдерінің атқарар міндеті мол,орны ерекше.Бүгінгіт күні қоғамымызда белсенді,бәсекеге қабілетті,ізденгіш мамандар өте көп.Осындай ұстаздардың бірі –қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Искаков Қуаныш Мейрамбекұлы.

Қуаныш Мейрамбекұлы 1987жылы 6 қыркүйекте ,Павлодар облысы ,Лебяжі ауданы,Аққу ауылында дүниеге келді.2004 жылы Лебяжі орта мектебін аяқтап, 2005 жылы Бейсен Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжіне «Қазақ тілі және әдебиет» пәні мұғаліміне оқуға түседі,2008 колледжді аяқтап .2012 жылы Успен ауданы Ковалев мектебіне қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Жас ұстаз білім алушыларды мамандыққа баулып ,білімге құштарлықтарын артып,білім берудің жаңа технологияларын ізденіспен тиімді қолдана білді.Қуаныш Мейрамбекұлы- шәкірт жанын түсінетін,зерттей білетін,ойлау деңгейі терең,сөйлеу шеберлігі жоғары ұстаз.Әсіресе ұстаздың әр сабағы жаңа әдіс-тәсілдермен түрленіп отырады.Пәнді оқыту барысында білім алушылардың пікір айту,қорытынды жасау ,жазбаша сауатты ,жүйелі ,мәнерлі сөйлесу,мәдениетті қатынас жасай білуге баулиды.Ұстаз жеке басымен ,қызметімен де,отбасылық үлесімен де шәкіртіне өнеге.Қуаныш Мейрамбекұлы еңбегінің ерекшелігі оның жаңашыл ізденісінде,қандай істе болмасын түрлендеріп,оған зерттеушіліксипат,тәжіребиелік бағыт,кәсіптік бағдар беріп отырады.Бұл ұстаз еңбегінің бір үзік бөлігі ғана.Білім алушы көзі ашылмаған бұлақ болса ,ұстаз сол жер астында көзі табылмай бұлқынып жатқан асылдың көзін ашып ,бағыт береді.Сол мөлдір бұлақтар қазақтың ұрпағын біліммен сусындатады.

«Ақырын жүріп ,анық бас

Еңбегін кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға»

-деп ұлы Абай айтқандай,Қуаныш Мейрамбекұлы – өзінің тәрбие ,білім алып жүрген шәкірттерінің нағыз осы заманғы мұғалім деген бүкпесіз ,әділ де ,шынайы сезіміне бөленгее жаңашыл ұстаз.

Гулайым Абылкасова

Ковалев мектебінің информатика пәнінің мұғалімі788585