2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін21
Кеше72
Апта204
Ай1436
Барлық күндері106717

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

1-сыныпқа қабылдау


Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік ережелеріне сәйкес бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-аналарынан не олардың заңды өкілдерінен қабылдау жөніндегі өтініштері ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында қабылданады.
Сондай-ақ, Үлгілік ережелерге сәйкес білім алушыларды дайындық деңгейі мен даму дәрежесі бойынша жинақтауға тыйым салынады, ал сынып ішіндегі оқушылардың саны 25 оқушыдан аспауы тиіс.
Балалардың ата-аналары не олардың заңды өкілдері білім алу үшін кез келген білім беру мекемесін таңдауға құқылы.
Бастауыш білім беру мекемесі білім беру ұйымының қызмет көрсету аймағында тұратын, дайындық деңгейіне тәуелсіз жеті жастағы және ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балалардың қабылдануын қамтамасыз етеді.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін келесідей құжаттар қажет:
• ата-аналарынан (оларды ауыстырушы тұлғалардан) өтініш;
• баланың тууы туралы куәлік көшірмесі;
• денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт);
• 3х4 екі фотосурет.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау барысында білім беру мекемесінің басшылығы мекемеге келіп түсушілерді және олардың ата-аналарын қабылдау ережелерімен, жарлықпен және білім беру үрдісін реттейтін өзге құжаттармен таныстыруы тиіс.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау барысында емтихандар, тестілеу, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді. Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған және мектепалды дайындықтан өтпеген балалар үшін оқу жылының басына дейін дайындық курстары ұйымдастырылады. Мектепалды дайындық міндетті. Ол оқумен бірінші сыныпқа баратын барлық оқушылар қамтылады. Ол мектепалды дайындық сыныбы, балабақшадағы дайындық оқуы не қысқамерзімді курстар болуы мүмкін.
Балаларды тұрғылықты жерінің тіркелуінсіз конкурстық іріктеу жоғары типті мектептерге – гиназиялар мен мектептерге қабылдау барысында қарастырылған. Мұндай іріктеуде, әдетте, бала оқу үрдісіне дайындығын анықтау мүмкіндігін беретін әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесу бастауыш сынып мұғалімдерінен, психолог және әлеуметтік педагогтан құралатын комиссиямен жүргізіледі.
Қр «Білім туралы» Заңынан көшірме
30-бап. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
1. Алты жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиеленуі отбасында не бір жастан алты жасқа дейінгі аралықта мектепке дейінгі мекемелерде жүргізіледі.
2. Мектепке дейінгі оқыту бес жастан бастап балаларды мектепте оқуға мектепалды дайындық ретінде жүргізіледі.
Мектепалды дайындық міндетті болып табылады және отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптарында, лицейлер мен гимназияларда іске асырылады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы мектепалды дайындық тегін жүргізіледі.
31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру
1. 1-ші сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады.