САНДЫҚ КІТАПХАНАСЫ
Автоматтандырылған жүйесі Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері
Успен ауданының білім беру бөлімі 2023 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтетінін жариялайды.
Биылғы жылғы акция «Жақсылықты жаса» атты ұранымен өтеді.
Акцияның мақсаты– аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу..
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады!
Барлықтарыңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!
Акцияға қосылғысы келетіндердің барлығын «Успен ауданының білім беру бөлімі»ММ 8(71834)91454 сенім телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз
2023 жылда «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізу
Білім күні
Қаратай жалпы орта білім беру мектебінде 2019-2020 оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны болып өтті. Алғашқы қоңырау мерекесі 1 сынып бүлдіршіндері мен 11 сынып оқушыларын салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды. Мерекелік іс – шараны мектеп директоры Ботагоз Сакенқызы Бекенова мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата – аналарды құттықтау сөзімен бастады. Ботагоз Сакенқызы өз сөзінде қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру – ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, биылғы оқу жылының ерекше екендігін , 1-10 сыныптар жаңартылған білім беру бағдарламасына көшетіндігін және осыған орай барлық оқушылар қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілетіндігін айтты.
Мектептің 50-жылдық мерейтойын өткізілуі туралы
18 қараша 2017 жылы –Қаратай жалпы орта білім беру мектебі өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті.Осы жылдар аралығында талай түлектерді тәрбиелеп, еліміздің білім кеңістігінде білім беру ордасы ретінде ерекше орын алды десек артық айтпаған болар едік. Мерекелік кеште 230-дан астам қонақтар жиналды. Жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасы 1967-2017 жылдар аралығында мыңдаған жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатты. Мерейтойға шақырылған ардагер ұстаздар, мектептің бұрынғы түлектері білім ұясының бүгінгі күнгі жетістіктеріне куә болып, қуанышқа кенелді.