Білім күні
Қаратай жалпы орта білім беру мектебінде 2019-2020 оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны болып өтті. Алғашқы қоңырау мерекесі 1 сынып бүлдіршіндері мен 11 сынып оқушыларын салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды. Мерекелік іс – шараны мектеп директоры Ботагоз Сакенқызы Бекенова мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата – аналарды құттықтау сөзімен бастады. Ботагоз Сакенқызы өз сөзінде қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру – ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, биылғы оқу жылының ерекше екендігін , 1-10 сыныптар жаңартылған білім беру бағдарламасына көшетіндігін және осыған орай барлық оқушылар қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілетіндігін айтты. Үш тұғырлы тіл саясатын іске асыру мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін дамытуға баса мән берілетіндігіне тоқталды.Сондай – ақ , 1- қыркүйек – Білім күні мерекесімен оқушылар мен мектеп ұжымын құттықтады.Салтанатты жиын оқушылардың мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты. Қоңыраудан соң барлық сынып оқушылары өз оқу кабинеттерімен танысып, «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы білім күні сабағына қатысты. Сонымен қатар 7-11 сынып оқушыларымен Лозов ауыдық округінің атынан Салимжанова К.С «Адалдық» сағатын өткізді.