Успен ауданының білім беру бөлімі 2023 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтетінін жариялайды.
Биылғы жылғы акция «Жақсылықты жаса» атты ұранымен өтеді.
Акцияның мақсаты– аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу..
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады!
Барлықтарыңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!
Акцияға қосылғысы келетіндердің барлығын «Успен ауданының білім беру бөлімі»ММ 8(71834)91454 сенім телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз
2023 жылда «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізу