2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін0
Кеше48
Апта319
Ай1158
Барлық күндері106439

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

 

5 және 6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала»

Ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркеу басталды

 

   «Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиадасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел Үміті» талантты жастарды анықтау және қолдау, жас балаларды шығармашылық, білімқұмарлық және пайымдаушылыққа ұмтылатын белсенді азаматтар болуға ынталандыру бастамасы шеңберінде өткізіледі.

Олимпиадаға соңғы екі жылда ауыл мектептерінде оқитын 5 және 6 сынып оқушылары шақырылады. Қатысуға өтінім беру 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында https://1000bala.elbasyacademy.kz/ сайтында жүзеге асырылады (техникалық қолдау алу үшін 8-800-080-48-48 номеріне қоңырау шалуға болады). Тіркелу 6 қадамнан тұрады (тіркелу бойынша нұсқаулық қосымша беріледі).

   Олимпиадалар екі кезеңде онлайн платформада компьютерлік тестілеу арқылы өткізіледі. ІІ кезең жеңімпаздарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квотоға сәйкес дарынды балаларға арналған мамандырылған мектептерге оқуға түсуге мүмкіндік беріледі. 1-ші және 2-ші кезеңдерінің күндері мен уақыты туралы ақпарат тіркеу аяқталғаннан кейін ҚР БҒМ ресми ресурсында орналастырылады.