Кездесу кестесі
Мектеп директорының оқушылардың ата-анасымен кездесу кестесі
1-сыныпқа қабылдау
Оқу жылы 1-қыркүйектен бастап басталатынына қарамастан, баланы мектебі бойынша анықтау шарасын алдын-ала ойластырған жөн. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының бірінші сыныптарына алты жасқа толған балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар бірінші сыныпқа бара алады, себебі күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа толады және мектепке қабылдануға құқығы бар.