Әдістемелік жұмыс
3 қарашада біздің мектеп базасында 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар педагогтерге арналған аудандық шығармашылық алаң басталды, оның мақсаты – НЗМ жұмыс тәжірибесін тарату, заманауи тәсілдерді меңгерту мен оқыту тәжірибесіне енгізу, жас мамандардың кәсіби дамуына жәрдемдесу.
Іс-шара аясында аудан мектептерінің жас педагогтары қызықты тапсырмаларды орындап, пікір алмасып, шығармашылық идеяларын білдірді. Аудандық "Жас педагог мектебінің" жұмысын ОІДО С. В. Султанғазинова үйлестіреді.
@uspen_a.baitursynuly_mektep
@bilim_uspen
#әдістемелік жұмыс_мектепте