8-11 сынып оқушыларына арналған бірінші облыстық гуманитарлық олимпиада.
12 наурызда онлайн форматта "Ертіс дарыны" РМБО ұйымдастыруымен жалпы білім беру мектептердің 8-11 сынып оқушыларына арналған бірінші облыстық гуманитарлық олимпиада өтті.
Олимпиадаға 11 сынып оқушысы Зайдуллаева Динара қатысты.
Сынып сағаты Ә. Бөкейханов
2021 жылғы 10 наурызда 5-11 сынып оқушылары үшін қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және көшбасшысы, педагог, ғалым, талантты публицист Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына арналған өмірбаяндық сынып сағаттары өткізілді.
9 сынып оқушыларымен аттестаттау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы
2021 жылдың 1 наурызында 9 сынып оқушыларымен 2021 жылы оқушыларды қорытынды аттестаттау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Оқушылар емтихан өткізу формасымен, кеңес беру кестесімен, пәндер бойынша ерекшеліктермен танысты.
1 сыныпқа қабылдау
Құрметті ата-аналар, "№ 1 Успен ЖОББМ" КММ сіздерді www.egov.kz веб-порталда тіркеуден өтуге шақырады.
www.egov.kz порталы арқылы мектепке қабылдау алгоритмі
I Олимпиада имени Абая Кунанбаева
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» Абай Құнанбаев атындағы І Олимпиадасы
2021 жылдың 1 наурызында «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» атты Абай Құнанбаев атындағы І Олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 5-9 сынып оқушылары қатысты: Городова Беата, Асанова Зарема, Сартпаева Самал, Бекенова Алина, Амри Юсуф, Могильная Юлия. Олимпиада прокторинг жүйесін қолдана отырып, GoogleForms онлайн - платформасында өткізілді. Бірінші тур тестілеу форматында өтті (45 минут).
Олимпиада
25 ақпан күні онлайн форматта "Дарын" РҒПО ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
9-сынып оқушысы Кириченко Владислав орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиадаға қатысты.
Олимпиада екі турда өтті:
бірінші тур - эссе, орындау уақыты 90 мин;
екінші тур - лексика-грамматикалық тапсырмаларды орындау, орындау уақыты 90 мин.
Владиславқа сәттілік тілейміз!