Балаларды қорғау күніне арналған велосипед жарысы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған, Успен ауылының Орталық алаңында 31 мамыр күні «Он баспалдақ» онкүндігі аясында велосипед жарысы басталды. Велосипед жарысын ұйымдастырушылар – Успен ауданының білім бөлімі, «Қайсар» балалар-жасөспірімдер клубы және жастар бастамаларын дамыту орталығы. Акцияға орталық аудан мектептерінің 25 оқушысы және 8 педагог қатысты. Велосипед жарысының мақсаты – оқушыларды спортпен айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау. Велосипед жарысының қатысушылары Успен ауылының орталық көшелері бойынша, тулармен безендірілген лекпен өтті