Успен ауданындағы қайырымдылық жәрмеңкесі
Успен ауылында 27 мамыр күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Халықаралақ балаларды қорғау күніне орай, «Он баспалдақ» он күндігінің аясында сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Аудан орталықтың үш мектеп оқушылары және «Балдырған» балалар эстетикалық орталығы «Шеберлер қаласы» үйірмесінің тәрбиеленушілері өз шығармашылығының жемісін ұсынды: азық-түлікті турайтын тақтайлар, декупаж техникасымен әшекейленген қобдишалар, квиллинг техникасындағы композиция, кестелер, тоқылған майлықтар, ұлттық тұрмыстық заттар, орындықтар, фоторамкалар және т.б. Сатудан түскен ақша қаржысы балаларды қорғау Күніне арналған мүмкіндігі шектеулі балалар үшін сыйлықтар сатып алынатын болады.