Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың аудандық жарысы
21 маусым күні № 2 Успен ЖОББМ базасында жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың аудандық жарысы өтті. Жарысты ұйымдастырушылар – ТЖ бойынша бөлімі және Успен ауданының білім бөлімі.
Жарысқа мектеп жанындағы аудан лагерлерінің 24 тәрбиеленушілері қатысты. Конкурста балалар өздерінің дағдылары мен қабырға газет, үгіт өлең ептілігін, сондай-ақ өрт жабдықтарын қолдана отырып эстафета және кедергі жолақтарынан өту әрекеттерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынға № 2 Успен ЖОББМ «Искра» командасы ие болды, 2 орында № 3 Успен ЖОББМ командасы, 3 орында № 1 Успен ЖОББМ командасы. Жеңімпаз команда естелік кубогына ие болды.
Жарыстың бас төрешісі – ТЖ бойынша бөлім басшысы Ю.В. Шаранюк, балалардың суда, өрт кезінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту, өмірін сақтау мен күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды айтып өтті. Ал балалардың басты міндеті – қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.