Открытие мини-центра «Балдәурен»
Қозыкеткен ауылында Конституция күні қарсаңында «Балдәурен» шағын орталығы «Аумақтың даму» бағдарламасы шеңберінде жаңартылып есігін айқара ашты. 15 орынға қосымша топ мемлекеттік тілдегі тәрбиеленушілер үшін ашылды. Топта сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қажетті жағдай жасалған.
Мерекелік іс-шараға аудан әкімі С.И. Саламацкий , аудандық мәслихат хатшысы Р.Қ. Бечелова қатысты, ауыл тұрғындарын осы бір ерекше сәтпен құттықтады, педагогикалық ұжымға жетістіктер тіледі және естелік сыйлықтар тарту етті, ең басты мақсат – ауылдық жерде мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру.