«Жетісу» шекара бекетіне сапар
2016-2018 жылдарына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қылмыстың алдын алу бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2016 жылғы 22 қыркүйек 9-10 сынып оқушылары «Жетісу» шекара бекетінде болып қайтты.
Балалар үшiн бекет бойынша экскурсия ұйымдастырылып, жеке құраммен танысты. Күн сайын ел игілігіне қызмет ететіндермен өте қызықты тілдесу өтті. Балалар шекарашылардың, ит жаттықтырушылардың жұмыстары жайлы сұрақтар қойып, қайда және қалай шекарашы болу туралы қызығушылықтарын танытты.
Шекара бекетінің басшысы аға лейтенант Жалғас Еламанұлы Нұрахметов балаларға, Отан қорғау әрбір қазақстандықтың ізгі борышы екенін еске салды. Қазақстанның болашағы бүгінгі жастардың қолында, біздің міндетіміз - жоғары азаматтық ұстанымы бар, елінің патриоттарын тәрбиелеу.