Успен ауданындағы ғылыми жобалар конкурсы
Ағымдағы жылдың қазан айының 5-і күні №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің базасында 1-7 сыныптар арасында «Зерде» зерттеушілік жұмыстар мен шығармашылық жобалар және 8-11 сыныптар арасында ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа ауданның 5 мектебінен 16 оқушы қатысты. Қатысушылар келес тақырыптар бойынша ғылыми жобаларды ұсынды: «Витамины и мое здоровье», «Волшебный мир фокусов», «Феномен Улыбки», «Колыбельная песнь - вчера и сегодня», «Мәшһүр Жүсіп және қазақ әдебиеті», «Қазақ әдебиетіндегі күлкі жанры», «Загрезнение окружающей среды автомобильным транспортом».
Конкурс қорытындысы бойынша оқушылар жеңімпаздар анықталды.
1-4 сыныптар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
І орын - Павлов жалпы орта білім беру мектебінің 1-сынып оқушысы Гуляев Артем;
ІІ орын - Павлов жалпы орта білім беру мектебі 4-сынып оқушысы Лэсь Павел.
5-7 сыныптар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
І орын - Константинов жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Балдин Иван;
ІІ орын - Таволжан жалпы орта білім беру метебінің 6-сынып оқушысы Хасенов Темирлан, №2 Успен жалпы орта білім беру мектебі 6-сынып оқушысы Кот Алиса;
ІІІ орын - Таволжан жалпы орта білім беру метебінің 5-сынып оқушысы Достова Сабрина;
8-11 сыныптар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
І орын - №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Аманбай Нұрбек;
ІІ орын - №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Бердмурат Елік; Таволжан жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Халикова Айнеш.
Жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз.