Әке, ана және мен – туристік отбасы
Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының 19 қазанда Павлодар қ., «Батыр» БЖСМ базасында облыстық «Әке, ана және мен – туристік отбасы» конкурсы өтті. Барлығы 7 команда сайысқа қатысты, Успен ауданынан Сластен отбасы құрамында әкесі Тимофей Григорьевич, анасы Оксана Анатольевна және қызы Анастасия, №1 Успен ЖОББМ 3 сынып оқушысы болды.
Команда жетекшісі №1 Успен ЖОББМ дене шынықтыру мұғалімі В.В. Демитриченко. Қорытынды бойынша барлық отбасы командалары арасынан Сластен отбасы 8 жастан 12 жасқа дейінгі балалары бар отбасы номинациясыда бірінші орын. Сайыс жеңімпазадры мен жүлдегерлері дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.