2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін4
Кеше74
Апта78
Ай1720
Барлық күндері107001

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Аудандық Мағжан оқулары өз мәресіне жетті

   2016 жылдың 21 қазанында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің базасында өткізілген республикалық «Мағжан оқулары» байқауының аудандық кезеңіне 10 мектептен, 34 оқушы қатысты.

   Мағжан оқулары үш бағыт бойынша өткізілді.

   «Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім» Мағжан шығармаларын жатқа оқыды. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бөлімінде жас ақындар өз туындыларымен таныстырды. «Толқынмен толқын сырласып...» -М.Жұмбаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұсмыстары ұсынылды.

   Байқау қорытындысы төмендегідей болды: «Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағыты бойынша оқыту тілі қазақ мектептері арасында І орынды Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Даутова Камила иеленді. ІІ орынды 2 оқушы өзара бөлісті, олар: №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Бердімұрат Салтанат және Қозыкеткен жалпы орта білім беру мектебінің 5 сынып оқушысы Кенжеахмет Ғали. Оқыту тілі орыс мектептері арасында ІІ орын Константинов жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Идирисова Эльвина, ІІІ орын иегерлері: Тимирязев жалпы орта білім беру мектебінің 5 сынып оқушысы Адилова Гүлдана, Ковалев жалпы орта білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Манжос Екатерина. Мағжанның әнін шырқап, көрермен көңілінен шыққан Ольгин жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Шырқау Мұрат ІІІ орын иеленді.

   «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бөлімі бойынша І орын №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Ибраев Алихан, ІІ орын №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Бақытбекқызы Фарида, ІІІ орын Таволжан жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Ергалиев Сабыржан иеленді.

   «Толқынмен толқын сырласып...» - М. Жұмбаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары кезеңі бойынша І орын Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Ораз Гүлдана, ІІ орын №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Қаржаубаев Жасұлан, ІІІ орын №1 Успен жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Юсупова Айжан иегері атанды.

   Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!