Қорытынды аттестациялауға дайындық
Кәсіптік бейімдеу шеңберінде және қорытынды аттестацияның жаңа форматына дайындық жүргізу мақсатында Успен ауданының білім бөлімі 2016 жылғы 27 қазанда «Балдырған» балалар-эстетикалық орталық базасында «Достық» білім орталығы және С. Торайғыров атындағы ПМУ өкілдері мен 11 сынып түлектері және мектеп басшыларымен кездесу өткізді.
«Достық» білім орталығының директоры Абдраимов Тимур Оспанбекұлы өз орталығы жайында жоғары оқу орындарына ниет білдірген мектеп оқушылары және колледж студенттеріне көмек көрсету мақсатында толық ақпаратты ұсынды. Қорытынды аттестациялауға дайындаудан басқа білім беру ортылығының қызметі мемлекеттік оқуға, ағылшын және түрік тіліне орта мектеп оқушылары үшін қосымша сабақ беріледі.
Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары мен педагогтар білім орталығының білім қызметі тізбесімен, оқыту талаптарымен, функционалдық сауаттылығы мен құзыреттілігіне бағытталған тестілеу тапсырмаларының жаңа талабы мен мазмұны жөнінде ақпарат алды.
Университетті зоотехнология және генетика факультеті кафедрасының профессоры К.Х. Ахажанов, бизнесті басқару және қаржы факультетінің аға оқытушысы К.Г. Бейсембаева, металлургия және көлік, машина жасау факультеті деканының орынбасары А.А. Әбішев таныстырды. Кездесу қатысушыларына ПМУ қызметі, университеттің талапты түлектері, жаңа ұсынылатын білім қызметтері, ҰБТ түріндегі қабылдау емтихандарының жаңашылдығы және де тестілеу пәндерінің тиісті мамандық профиліне сәйкестігі туралы ақпарат ұсынылды.
Жалпы шара соңында «Достық» білім орталығының сұрақ-кітапшалары арқылы аудандық жаппай тестілеу ұйымдастырылды. Жалпы қатысқан мектеп бітірушілер саны -73.