Онкологиялық ауруға шалдығудың алдын алу
«NOMAD» ақпараттық жастар ұйымының компаниясы бағдарламасының шеңберінде балалар мен ересектер арасында онкологиялық ауруға шалдығудың алдын алу бойынша №2 Успен мектебінің базасында дәріс және тренинг жоғары сынып оқушылары мен Успен ауданы мектептері қызметкерлері үшін өткізілді.
Облыстық онкологиялық орталығының дәрігерлері Е.Р. Дүйсенбинов және Е.Е.Серекбаев салауатты өмір салтын сақтау және үздіксіз емделуді ескертудің алдын алу, онкологиялық аурулармен ауру ерте жастан байқалатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізді. Сондай-ақ, ісіктерді өздігінен дұрыс анықтау бойынша ұсыныстар берілді.
Барлығы семинар жұмысына – 56 оқушы және 12 педагог қатысты.