2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін7
Кеше28
Апта247
Ай945
Барлық күндері124421

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Болашаққа қадам

   Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 2016 жылдың 28 қазан күні Успен ауданы №3 ЖОББМ аудан әкімі С.И. Саламацкийдің қатысуымен жас педагогтарға арналған кездесу өтті.

   Кездесу диолог форматында ұйымдастырылды, әрбір жас маман өздерін ауылдық жерде толғандырып жүрген мәсеселер қарастырып, өздерінің кәсіби жетістіктерімен шеберліктерімен бөлісіп, болашаққа құрған жоспарларын ортаға салды.

   Педагогтар сонымен қатар, өз тарапынан қызықтырып жүрген мысалы, 1989 жылы Целиноград ауылшаруашылығы институтының инженер-механик мамандығы аяқтаған соң, өзіңіздің еңбек жолын қалай бастағандығы жөнінде әкімге сұрақ қойды.

   Аудан әкімі С.И. Саламацкий өзінің құттықтау сөзінде жас мамандарға аз уақытта болса кәсіби қызметінде белгілі жетістерді бағындырған, әрбір жас мамандарға тәжірибелі тәлімгер тағайындалғандығын айтты. Соңғы жылдары мұғалімнің жақсы жаққа қарай өзгеруі еңбекақы көбейгендіктен емес, мамандығына деген құрмет пен кәсіби өсуінен байқалады. Ауданымызда жас мамандардың жылдан-жылға артып келе жатқандығы қуантарлық жағдай. 2015-2016 оқу жылында 19 жас маман келсе, ағымдағы жылы - 20. Жалпы жас мамандарға әлеуметтік жағдай: көтерме жәрдемақы, баспана алуға кредит беріледі. Ол жас мамандар жергілікті атқарушы органдардың ең негізгі мәселесі болып қалады, - деді.

   Әрбір қатысушы өз атына құттықтау сөз және естелік ретінді кәде сый алды.