«Балаларға мейірімділік» қамқоршылар күні
28 қазанда Успен ауданының «Балдырған» эстетикалық балалар орталығында балалардың шаттыққа толы дауыстарымен мереке басталды. Әрине мерекеде адамдар бір-біріне күлкі, мейірім сыйлайды және өздерінің жеңістерімен және қуаныштарымен бөліседі. Бұл күні балалар өздеріне жүрек жылуларын беріп және қамқор болып жүрген барлық жаңдарға, өздерінің зор алғыстарын білдіргілері келді.
Қамқоршылар күні – балаларға өз жүректерінің мейірімін, жылуын сыйлатын аяулы жандарға шексіз ризашылығымызды білдіретін күн, себебі ол әр адамның қолынан келе бермейді. «Нұр Отан» партиясының өкілі С. Елгондинов құрметті қонақтарды құтықтап, жас ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосқандары үшін алғысын білдірді. Балалар орталығында тәрбиеленушілер және мектеп оқушылары қонақтарға мерекелік концерт сыйлады.