Күзгі марафон
«Күзгі марафон» спорттық мереке «Ынтымақтастықта қызықты ойнап, біз денсаулықты жақсартамыз» ұранымен өткізілді. Шараның мақсаты - балаларды салауатты өмір салтына бейімдеу.
Балалар спорттық эстафеталарда, лабиринттер және кедергілермен жүгіруге қатысты. Балалардың командалары өте белсенді және әсерлі көңіл күйге толы болды. «Аңдар күресі» деген капитандар конкурсы өте қызықты тартымды өтті, мұнда олар өздерінің білімдерін және икемдері мен дағдыларын көрсетіп командаларының намысын қорғап, командаларына тағы жеңіс әкелді. Балалар үшін жалпы айтқанда бұл шара бірлікті және ыңтымақты ұжым қалыптастырды.